Алдағы күндері Қазақстанда 2°С-қа дейін үсік күтіледі
"Қазгидромет" РМК алдағы үш күнде үсік жүретін аймақтарды атады, деп хабарлады buginmedia.kz.
Синоптиктердің мәлімпетінше, Қазақстанның ауа райына Жаңа Жер аймағынан келген суық ауа массаларымен толыққан антициклон әсер етуде, ол республиканың басым бөлігінде ауа температурасының төмендеуін әкеледі.
Солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және шығыста түнгі уақытта ауа температурасы +2…+8°С-қа дейін төмендеп, топырақ бетінде 2°С-қа дейін үсік күтіледі. Тіпті оңтүстік-шығыс өңірлерінің тұрғындары да күндізгі уақытта ыстықтың бәсеңдеп, +20…+28°С шамасында болатынын сезінеді. Тек республиканың батысы мен оңтүстік-батысы кезеңнің басында Иран аймағынан келген жылы ауа массаларының ықпалында болады, онда әлі де +32…+40°С қатты ыстық сақталады.