Мәзір
30 тамыз, 2025 / BuginMedia / Жаңалықтар

Оқушы мектеп дәретханасында босанған: төрт қызметкер жұмыстан босатылды

17 жастағы 9-сынып оқушысы оқу орнының дәретханасында босанған. Оқиға Үндістанның Карнатака штаты, Ядгир ауданындағы мемлекеттік мектеп-интернатында болған. Бұл туралы BAQ.KZ сайты The Times of India басылымына сілтеме жасай отырып хабарлады.

Оқушы мектеп дәретханасында босанған: төрт қызметкер жұмыстан босатылды Оқушы мектеп дәретханасында босанған: төрт қызметкер жұмыстан босатылды
Фото: pixabay

Аталған жағдай мектеп қызметкерлерінің өрескел немқұрайлылығын айғақтады. Білім беру қоғамының атқарушы директоры Кантараджу мектеп директоры мен жатақхана комендантын, сондай-ақ жаратылыстану пәнінің мұғалімі мен дене шынықтыру пәнінің мұғалімін қызметінен босатты.

Полицияның хабарлауынша, жасөспірім жүктіліктің толық мерзімін өткерген. Алайда мектеп қызметкерлері оның жағдайындағы өзгерістерді уақытында байқамаған.

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2