Ризабек Айтмұқан әлем чемпионатының финалына шықты
Тиранада (Албания) 23 жасқа дейінгі жастар арасында еркін күрестен өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Ризабек Айтмұқан финалға шықты, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Қазақстандық балуан 97 келіге дейінгі салмақта ширек финалда белоруссиялық Владислав Козловтан айласын асырды.
Ризабек жартылай финалда ресейлік Шамиль Гаджиалиевті 7:4 есебімен тізе бүктірді.
Р.Айтмұқан 27 қазан күні финалда ирандық Махди Морафамен белдесетін болады.
Ризабек барлық белдесудің де оңайға түспегенін айтып, ирандық балуанмен соңғы бәсекеге дайын екендігін, алтын үшін барын салатынын жеткізді.
Р.Айтмұқанның өткен жылы ересектер арасында әлем чемпионы атанғаны белгілі. Сондай-ақ биыл 20 жасқа дейінгілер арасында да үздік шықты.
Тиранада жартылай финалда үндістандық Чираг Чирагқа 0:8 есебімен есе жіберген тағы бір қазақстандық Алан Оралбек (57 кг) қола жүлде үшін кілемге шығатын болады.