Желіде Тоқаев туралы шетелдегі құпия құжаттар тарады
КСРО тарағаннан кейін 30 жыл өткен соң, Британ ұлттық архивінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа қатысты құжаттар қолжетімді болды. Әзірбайжандық тарихшы Джемиль Хасанли олардың үзінділерін жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz Arasha.kz-ке сілтеме жасап.
1994 жылы Тоқаев Сыртқы істер министрі болып тағайындалғанда, Британ Сыртқы істер министрлігі оның өмірбаянына қатысты анықтама дайындаған. Құжатта оның білімі, тіл білуі, Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріндегі жұмыс тәжірибесі туралы жазылған.
"Министрлік оның жұмысына өте қызықты анықтамалар дайындаған және оны жан-жақты маман деп сипаттаған. Британдықтардың болжамдары дәл келді. Бүгін Тоқаев посткеңестік кеңістіктің жемқор және авторитарлық көшбасшыларынан айрықша ерекшеленеді", – деп жазды Хасанли.
Құжаттарда Тоқаев АҚШ, Канада, Өзбекстанға белсенді сапарларға шыққаны, әріптестерімен байланыс орнатқаны және Қытаймен шекаралас аумақта еркін экономикалық аймақтар құруды ұсынғаны айтылған.
Әзірбайжандық тарихшының бұл жазбасына саяси шолу жасаушы Ғазиз Әбішев те назар аударған.
"Берілген құжат бойынша оны Ұлыбританияның саяси басшылығы үшін – премьер-министрдің кеңсесі орналасқан 10 Downing Street мекенжайына дайындалған деп пайымдауға болады. Жалпы, бұл көптеген белсенді дипломатиялық қызметтің тәжірибесі, әлемдік ықпалға таласатын елдерде (англосакстар, олардың одақтастары мен бәсекелестері) ұлттық элиталарды талдау жүйесі жақсы ұйымдастырылған", – деп жазды ол.