Шоу-Бизнес

"Ерекше байланыс бар": Сабина Алтынбекова экс-күйеуімен қайтадан қосылуына қатысты ойын айтты

Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова күйеуіне қатысты көпшіліктің сұрағына жауап берді, деп хабарлады buginmedia.kz.

Спорт саласының сұлуы журналист Динара Сәтжанмен сырласып, өмірінен сыр шертті.

“Ұлымның әкесімен әлеуметтік желі арқылы таныстық. Махаббат пайда болып, шаңырақ көтердік. Кейін екі жаққа кеттік. Бұрын сүйікті адамыммен мәңгі бірге боламын деуші едім. Сол сөзімде тұрғым да келді. Бірақ өмірдің бағыты басқа екен. Сондықтан қазір ештеңе айта алмаймын. Айтқан сөздерім, керісінше болып орындалып жатады. Көңіл-күйім де өзгеріп жүр. Менің жеке өмірімдегі сәтсіздігіме айналысатын спортымның ешқандай да қатысы жоқ. Ешқандай зияны тиген жоқ”, – дейді спортшы. 

Волейболшының сөзінше, бүгінде ұлы әкесімен араласып тұратын көрінеді. 

“Тағдырыма ренжімеймін. Осылай болу керек шығар?! Керісінше, менің өмірімде ажырасу оқиғасының болғанына өте қуаныштымын. Мен мұны абыроймен қабылдаймын. Ол өте керемет әке. Мен мұны бәріне айтамын. Ол ұлымызды қатты жақсы көреді. Олардың арасында ерекше байланыс бар. Болашақта қосылуымызға қатысты сұраққа нақты жауап бере алмаймын. Жоғарыда айтып кеткенімдей, керісінше болып қалуы мүмкін", – деді Алтынбекова.