«Челахтың мерзімінен бұрын бостандыққа шығу мүмкіндігі бар ма?»: Адвокат жауап берді
Тамыз айында Конституциялық сот өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жатқан сотталғандарды шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға заңнамалық тыйым салуды алып тастады. 2012 жылы «Арқанкерген» шекара заставасында 15 адамды өлтірді деген айыппен өмір бойына сотталған Владислав Челахты қорғаған адвокат Гүлмира Шалдықова оның түрмеден шығуға мүмкіндігі бар-жоғы жайлы сөз қозғады, деп хабарлады buginmedia.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.
Гүлмира Шалдықова Владислав Челахтың мүддесін 2019 жылы қорғады. Яғни, Челахтың ісін қайта қарау туралы өтініш берген кезде қорғаған. Қазір адвокат мәселені шеше алмайтынын, бірақ қорғауында болған Владислав Челахты босағанын қалайтынын айтты.
«Менің 20 жылдық тәжірибем оның бұл қылмысқа қатысы жоқ екенін көрсетіп отыр. Оны алғаш ұстағанда: «Мен бұл қылмысты жасаған жоқпын, қатысым жоқ» деп айтқан. Ол оқиға болғанда шекара бекетінен кетіп қалған. Өрт шығып, атыс болған кезде ол жерде болмаған», — деді адвокат.
Шалдықова Челахтың ісін «саясиланған» деп санайды.
«2019 жылы Тоқаев президент болған кезде істі қайта қарау ұсынылды. Мүмкін ол бұл іске басқаша көзқарас болады деп сенген шығар. «Жаңа Қазақстанға» үміт артылды. «Оның жазасын жеңілдететін кез келген нұсқа қолайлы. Тіпті бұл шартты түрде мерзімінен бұрын босату болса да. Себебі ол заңсыз түрмеде отыр. Ол шын мәнінде, осы жағдайлардың құрбаны. Ол тек қырғынға ұшырағандардың арасынан аман қалған адам ғана»,– деді ол.
Адвокат Челахтың ісімен қайта айналысуға қарсы еместігін жасырмады.
Айта кетейік, осыдан 4 күн бұрын, 22 тамызда сот бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың немере ағасы Бақытжан Байжановқа рақымшылық жасады. Ол ө