Жаңалықтар

20 жастағы ақтаулық жігіт Грузияға ұшып кеткеннен кейін із-түзсіз жоғалды

Ақтаулық отбасы 20 жастағы Жақсылық Даниярды іздестіріп жатыр, деп хабарлады buginmedia.kz.

Еріктілердің мәліметінше, 2005 жылы туған жас жігіт Ақтау қаласында тұрады. 2025 жылдың 20 тамызында ол түнгі рейспен Ақтау – Тбилиси бағыты бойынша ұшып кеткеннен кейін байланысқа шықпаған.

Полиция оны көрген немесе ол туралы мәлімет білетіндерден 8 700 499 72 92 немесе 102 нөміріне хабарласуды сұрайды.