Саясат

Руслан Берденов қызметінен кетті

Руслан Берденов Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметінен босатылып, оның орнына Арман Сәбитов тағайындалды, деп хабарлады buginmedia.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Бүгін 25 тамызда Руслан Берденов қызметінен кетті. Еске салайық,бұл қызметке 2025 жылдың 24 ақпанында тағайындалған.

Руслан Арысбекұлы Берденов Шымкент қаласы әкімінің орынбасары лауазымынан басқа жұмысқа ауысу себепті босатылды.

Оның орнына Арман Сәбитұлы Сәбитов тағайындалды.

"Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және қала әкімінің өкіміне сәйкес, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары лауазымына Арман Сәбитұлы Сәбитов тағайындалды", – делінген хабарламада.