Жетісу облысында 3,6 балдық жер сілкінісі болды
Жетісу облысында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Қазақстанның Ұлттық деректер орталығының жедел деректеріне сәйкес, 26 қазанда Астана уақытымен сағат 11:24-те Лепсі ауылынан батысқа қарай 30 шақырым жерде жер сілкінісі болды.
Магнитудасы 3,6 болған. Энергетикалық класы - 8,3.