Конституция күніне орай біржолғы төлем беріледі: оны кімдер алады?
30 тамыз – ҚР Конституциясы күніне орай Шымкентте әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтарға бірреттік төлем беріледі, деп хабарлады buginmedia.kz.
Мәслихат шешіміне сәйкес: мүгедектігі бар балаларға – 19 660 теңге), жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға – (78 640 теңге) көлемінде көмек беріледі.
"Қалада 8 323 ерекше бала мен 673 жетім балаға қаражат аударылады. Төлемдер автоматты түрде жүзеге асады, ата-аналар мен қамқоршылардан өтініш талап етілмейді. Айта кетерлігі, бұл қолдау жыл сайын дәстүрлі түрде жалғасып келеді. Биылғы төлем Конституция күніне орай ұйымдастырылып отыр", - делінген Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялдар қызметі таратқан ақпаратта.
Сондай-ақ, Конституция күніне орай Астана әкімдігі 2,5 АЕК көлемінде жәрдемақы төлейтін болды. Бұл – шамамен 10 мың теңге.
Бұл біржолғы төлем 30 тамызда Семей полигонындағя ядролық сынақтардан зардап шеккендерге төленеді.
Бұл туралы Елорданың Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы хабарлады.
Нақты айтқанда, экологиялық апаттың зардабын тартқандардың қолына 9 830 теңгеден тиеді.
Басқарманың ақпаратына қарағанда, бұл қаражатты Астананың үш мыңға жуық тұрғыны ала алады.