Жаңалықтар

Алматыда екі қарақшы ерлі-зайыптыны ұрып-соғып, түн ішінде үйлерін тонап кеткен

Алматыдағы ерлі-зайыптының үйіне басып кірген екі қарақшы үй иесін ұрып-соғып, тонап кеткен, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Алматының полиция департаменті хабарлағандай, екі жігіт ер мен әйелді қорқытқан, күш қолданған. Үй иесін қатты жаралап кеткен, қазір ол ауруханада жатыр.

«Полиция қызметкерлері күдіктілердің ізін суытпай анықтап, қолға түсірді.  Екеуі де бұрын сотталған болып шықты. Олардан қылмысын дәлелдейтін заттай айғақтар тәркіленді. Қазір екеуі де қамауда», - деп хабарлайды Алматының полиция департаменті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Алматы қаласының ПД (@almaty_police_department)