"Он шақты кітап жазған профессор": бойжеткен өзі куә болған сұмдық жайт туралы баяндады
Заңгер Ләззат Рақышева тағы бір хатты жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.
"Сәлеметсіз бе, Ләззат ханым. Текті халықпыз деп мақтанамыз ау. Сіздің парақшаңыздан кейін күмәнім күшейіп кетті. Әрбір қыздың басынан өткен бе дерсің. Оқыған адамдар олай жасамайды деп ойлайтындар да бар ғой. Бірақ, мен оған келіспеймін.
Кішкентай кезімізде анамның әпкесінің үйінде әпкем екеуіміз(менен 1 жас үлкен) көп болатынбыз. Мен сол кезде 5-6 жастамын. Бала қараймыз. Сонда кәрілеу еді жездеміз. Оқыған, он шақты кітап жазған профессор, бір бөлме тола кітап болатын. Сол бөлмеден шықпайтын кітап жазып. Әпкеммен тығылыспақ ойнап, бөлмесіне кіре қалсам, есікті іліп алдына отырғызып, тіліңді шығар деп соратын. Қайта жібере салатын әпкем есік тақылдатса. Бойжеткенде бәрі көз алдымнан өтті. Арам ойлы оқымыстыдан қайда құдай сақтаған екен. Қазір ол бұл өмірде жоқ. Өлгенін естігенде қатты қуанғанымды білемін.Нашар, арам ойлы адамдар өмірде көп екен", - деп жазған бойжеткен.