Шоу-Бизнес

"Екеуінен күшті жұп шығады": Балжан Бидаш Бағжан Октябрьмен бірге көзге түсті

Танымал әнші Балжан Бидаш Өктем Алтаевтың ұлы, виолончелист Бағжан Октябрьмен бірге концертте көзге түсті, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Өнер иесі өзінің желідегі парақшасына бірге түскен видеосын жариялады. Видеода екеуінің жақсы көңіл-күйде билеп тұрғанын көруге болады.

Ал желі қолданушылары екеуінен жақсы жұп шығатынын айтып, түрлі пікір қалдырған.

«Екеуі қосылса, Бағжан бақытты етеді Балжанды. Жігіттің төресі ғой!», «Жәй көз үйрету ме не бұл», «Серігіңізді тапқан сияқтысыз», «Екеуінің аттары да ұқсайды», «Екеуінен күшті жұп шығады», - деп жазды олар.