"Түнгі үште екі тіземе отырып алды": тұрмыстағы әйел отбасындағы сұмдық жағдай туралы айтты
Заңгер Ләззат Рақышева өзіне келген кезекті хатты жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.
"Мен қазіргі кезде шетелге ем алуға келдім, өзім тұрмыстамын. Маған көмек керек, күйеуім Қазақстанда тұрғанда мені жастықпен тұншықтырып, өлтірмекші болды, түнде ұйықтап жатқан кезимде сағат түнгі 3 кезінде екі тіземе отырып, бетімді жастықпен тұншықтырды, содан бері 2 тіземнен дұрыс жүре алмай шетелге келдім. Біраз емделдім, енді операция керек дейді. Операцияға ақшам жоқ, 2 айдан соң физиоемдеу бітеді, инетерапия алып жатырмын қосымша. Сол күйеуіме жаза қолдануға жане заңды түрде ажырасуга комектессеңіз.Үйге оралуга қорқамын! Маған көмек керек", - деп жазған әйел.