"Мен мүлдем күтпедім": күйеуімен екі жаққа кеткен Мереке Қалбаева оның не істегенін айтты
Танымал актриса әрі блогер Мереке Қалбаева әлеуметтік желідегі парақшасында көпшілікті елең еткізген жазба қалдырды, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Ол Instagram-дағы сторисінде «иә дедім» деген жазуы бар сурет пен бейнеролик жариялап, оқырмандарының қызығушылығын арттырды. Актрисаның жазбасын көрген жанкүйерлері бірден түрлі сауал қоя бастады: "Кім сөз салды?", "Бұл кім болды екен?" деген пікірлер көптеп жазылды.
"Арекеңнен басқа кімге иә деймін?! Мәә, кеше Арсен мен күтпеген нәрсені істеді, романтик емес адамнан ондайды күтпедім", – деп жазды Мереке Қалбаева.
Бұған қоса актриса отбасындағы қиын сәттерді де жасырмай айтты. Оның сөзінше, осы жолы Арсен екеуі бір-бірімен шамамен бір айға жуық сөйлеспеген.
"Хайп болса екен деп өзім де армандағам, айналайындар. Біз бұлай ұзақ ренжісіп жүрмегенбіз ешқашан, максимум 2 күн еді. Осы жолы қатты кетіп, почти 1 ай сөйлеспеппіз. Егер Азамат деген досымыз кіріспегенде, ары қарай да бір-бірімізді түсінбей, кінәлап жүре беретін едік. Осындай кезде достардың қолдауы қатты маңызды. Алла баршамызға разы болсын", – деп қосты Мереке Қалбаева.
Жазба жарияланған соң, желі қолданушылары жылы лебіздерін жаудырды. Көпшілік жұптың қайта табысқанына қуанып, пікір қалдырды:
"Жандарым сол, қатты уайымдаған едім. Бақытты болыңдар", "Ажырасу дегенді мүлде ойламаңдар. Үш балаң бар, жұптарың жазылмасын", "Өлеңдері дайын тұратындай, қуанышымда шек жоқ", "Қазақтың қара қызы, жылап отырмын. Отбасыңмен бақытты бол", – деп жазды желі қолданушылары.