LRT 2026 жылдың басында іске қосылады
LRT 2026 жылдың басында іске қосылады. Бұл туралы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Үкімет отырысынан кейінгі брифингте айтты, деп хабарлайды buginmedia.kz.
«Вице-премьер Роман Скляр баяндамасында LRT 2026 жылдың басында іске қосылатынын айтты. Қала әкімдігінен 2025 жылдың қыркүйегінде тестілеуден өтеді деген ақпарат болды. Енді арасында бір-екі ай болатын шығар», - деді министр.
Айта кетейік, кеше Астанада 22,4 шақырымдық LRT негізгі желісінде рельстерді төсеу жұмыстары аяқталғаны хабарланды.