Жаңалықтар

Алматыда қоқыс шығаруға шыққан 16 жастағы бозбала із-түзсіз жоғалып кетті

Алматыда қоқыс шығарамын деп шыққан 16 жастағы Айдос Ақымбаев іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Желідегі мәлімет бойынша оны туғандары мен полиция 21 күннен бері іздеп жатыр. 28 шілде күні таңғы сағат 10:53-те ол Әуезов ауданы Мамыр-3 шағын ауданындағы үйінен шыққан.

Жоғалған күні оның киімінде ақ футболка, қара шорты және аяғында қою көк түсті крокс-сланец болған.

Сол күннен бері жасөспірімді ешкім көрген жоқ. Полиция жас жігіттің іздестіріліп жатқанын хабарлады.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Buginmedia.kz - Қазақстан жаңалықтары (@buginmedia.kz)