Өлтіріп, суға лақтырған: Атыраудағы қыздың өліміне қаысты тың деректер шықты
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданында туып-өскен Яна есімді қыздың денесі бірнеше күн бойы іздестіріліп жатыр. Ол жоғалған соң, анасы оның күнделігін тауып, қызының өміріндегі кейбір маңызды жайттарды анықтауға тырысқан, деп хабарлайды buginmedia.kz «Ақжайық» басылымына сілтеме жасап.
Яна 2001 жылы дүниеге келген. Мектепті үздік бітіріп, Атырау мұнай және газ университетіне грантқа түскен. Жоғары оқу орнын тәмамдаған соң магистратураға түсіп, осы жазда магистр дәрежесін алған. Сонымен қатар ол Атырау Қазақ ғылыми-зерттеу геологиялық барлау мұнай институтында жұмыс істеген.
18 қазан күні Яна анасына соңғы рет хабарласқан. Анасы Галина іссапармен Ақтау қаласында болған. 19 қазан күні Галина қызына хабарласқанда, оның телефоны өшіп тұрған. Кешке қарай Галина әпкесінен үйіне барып көруін сұраған. Үйге келгенде, әпкесі барлық бөлмелердің жарығы қосулы, ал Янаның өзі жоқ екенін көреді. Анасында күдік пайда болып, дереу полицияға хабарласады.
Янаның күнделігінде оған жақын болған бір адам туралы жазбалар кездеседі. Ол адамды Яна «Р.» деп белгілеп отырған. Оның достары анасына бұл адамның байланыс нөмірін береді. Жігітпен сөйлескенде, ол Янаны көрмегенін және бір аптадан астам уақыт сөйлеспегенін айтады. Галина сол адамды күдікті деп санайды, бірақ ресми түрде бұл ақпарат расталмаған.
23 қазан күні таңертең полиция екі күдікті, 24 және 25 жастағы ер адамдарды қамауға алып, олардың кінәсін мойындағанын хабарлады. Атырау полиция департаментінің мәліметінше, олар Янаны Орал өзеніне тасталған. Қазіргі таңда қызды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Янаның анасы Галина Легкодимова әлеуметтік желілер арқылы жергілікті әкімдікке іздестіру жұмыстарына қосымша техника мен адамдар беруді сұрап, өтініш білдірді. Облыстық әкімдік пен ТЖД іздестіру топтарын көбейтіп, Галинаға барлық шаралар жайлы хабарлап тұруға уәде етті.