Жаңалықтар

Астанада 30 жастағы қыз анасын пышақтап өлтірді

Астанада 30 жастағы қыз жанжал кезінде анасына пышақ сұққан. Әйел оқиға орнында көз жұмды,  деп хабарлайды buginmedia.kz Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап. 

Қайғылы оқиғаны қалалық полиция департаменті растады. 

Әйелдің зорлық-зомбылық белгілері бар мәйіті өз үйінен табылған. Көп ұзамай қылмысты жасады деген күдікпен марқұмның 30 жастағы қызы ұсталды. Полиция дерегінше, екеуінің арасында жанжал шығып, қыз ашумен анасына пышақ сұққан.

«Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізіліп жатыр», — деп хабарлады қалалық ПД.