Артында 4 баласы қалды: Ақтөбеде көпбалалы ана өлі табылды
Қайғылы оқиға Ақтөбеде 16 тамызда түнде болды, деп хабарлайды buginmedia.kz ««Ақ Жайыққа» сілтеме жасап.
30 жастағы әйелдің артында төрт баласы қалды.
Ерлі-зайыпты кешкісін қонақтан үйлеріне оралған. Түнде күйеуі мен балалары ұйықтап жатқанда, әйел бөлмеге кіріп, өз-өзіне қол жұмсаған.
Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем дәрігерлері оның көз жұмғанын ғана тіркеді. Полиция тексеріс жүргізіп, қайғылы жағдайдың мән-жайын анықтап жатыр.
Басылымның дерегінше, отбасы 2024 жылы Атырау облысынан Ақтөбеге қоныс аударған.