Жаңалықтар

Астана маңындағы ұшақ апаты: қаза тапқандардың кімдер екені белгілі болды

17 тамызда Астана маңында апатқа ұшыраған жеңілмоторлы жеке ұшақ апатынан екі адам қаза тапқан, деп хабарлайды buginmedia.kz  Көліктегі полиция департаментіне сілтеме жасап.

UP-LA 229 жеке жеңіл ұшағының апаты фактісі бойынша Астана стансасындағы желілік полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 344-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Апат салдарынан екі адам, ұшқыш пен жолаушы қаза тапты.

Қазіргі уақытта апаттың себебі анықталып жатыр. 

"Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды", - деді ведомство өкілдері.

Көлік министрлігі арнайы комиссия құрылып, оқиға орнына оқыс оқиғаларды тергеу бойынша департамент қызметкерлерді шыққанын хабарлады.

Журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-каналында оқыс оқиғадан жеке ұшақтың иесі Арман Мусин мен оның қасындағы әйел қайтыс болғанын хабарлады. Бұл ақпаратты оған желідегі оқырмандары жеткізген.