Мәзір
17 тамыз, 2025 / BuginMedia / Жаңалықтар

Астана маңындағы ұшақ апаты: қаза тапқандардың кімдер екені белгілі болды

17 тамызда Астана маңында апатқа ұшыраған жеңілмоторлы жеке ұшақ апатынан екі адам қаза тапқан, деп хабарлайды buginmedia.kz  Көліктегі полиция департаментіне сілтеме жасап.

Астана маңындағы ұшақ апаты: қаза тапқандардың кімдер екені белгілі болды Астана маңындағы ұшақ апаты: қаза тапқандардың кімдер екені белгілі болды
фото: pixabay.com

UP-LA 229 жеке жеңіл ұшағының апаты фактісі бойынша Астана стансасындағы желілік полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 344-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Апат салдарынан екі адам, ұшқыш пен жолаушы қаза тапты.

Қазіргі уақытта апаттың себебі анықталып жатыр. 

"Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды", - деді ведомство өкілдері.

Көлік министрлігі арнайы комиссия құрылып, оқиға орнына оқыс оқиғаларды тергеу бойынша департамент қызметкерлерді шыққанын хабарлады.

Журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-каналында оқыс оқиғадан жеке ұшақтың иесі Арман Мусин мен оның қасындағы әйел қайтыс болғанын хабарлады. Бұл ақпаратты оған желідегі оқырмандары жеткізген.

Апта талқысында: