Жаңалықтар

Ақмола облысында жеке ұшақ апатқа ұшырап, екі адам қаза тапты

Ақмола облысы аумағында ұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды buginmedia.kz Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"UP-LA 229 жеке жеңіл ұшағының апаты фактісі бойынша Астана стансасындағы желілік полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 344-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Апат салдарынан екі адам, ұшқыш пен жолаушы қаза тапты", - делінген хабарламада. 

Қазір апаттың себебі анықталып жатыр. 

"Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды", - деді ведомство өкілдері.