Жаңалықтар

"Әкем мен анамды сағындым": Оразалы Досбосыновтың ұлы ел күтпеген мәлімдеме жасады

Белгілі айтыскер ақын, марқұм Оразалы Досбосыновтың ұлы Нұрсұлтан әлеуметтік желідегі парақшасында жан тебірентер жазба жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz

Нұрсұлтан рэп жанрында шығармашылыққа қадам басқанын, тыңдармандардан өзіне қолдау білдірулерін сұрайды.Сонымен қатар, әке-шешесін қатты сағынатынын айтып, оларды көзі тірісінде білген жандарға амандық тіледі.

"Мен – Оразалы Досбосынов пен Ажар Түзелбекқызының ұлы, Нұрсұлтан Доспосынов. Қазір NRS деген атпен рэп саласында өзімді көрсетіп, тыңдармандарымды қуантуға тырысамын. Сонымен қатар, блог жүргізуді қатар алып жүріп, өз өмірімдегі сәттермен сіздермен бөлісіп отыруға ниеттімін. Қолдау білдіріп, бірге болайық", – деді Нұрсұлтан Досбосынов.

Оразалы Досбосынов 1975 жылы 15 қарашада Алматы облысы Райымбек ауданы, Тегістік аулында дүниеге келген. Айтыскер ақын небәрі 29 жасында қайтыс болды. 

Ақынның анасының айтуынша, Оразалының әкесі үш ағайынды болған - Жарылқасын, Қасым, Оразалы. Жарылқасынның ағасы Оразалы Қытайда Текес жерінде ақын, жыршы болған. Сөйтіп, өнер қуып жүріп хабарсыз кетіпті. Жарылқасын сол бауырының аты өшпесін деп ұлына Оразалы атын беріпті. 

Айтыс өнерінде ерекше мақамымен реформатор ақын ретінде танылған Оразалы көзі тірісінде "Құлмамбеттің құлыны" атанған.

Алматы облысы Шонжы ауылынан келе жатып көлікпен аударылған Оразалы Досбосынов 30 жасқа толар шағында дүниеден өтті. Ақынның артынан екі жылдан кейін жары Ажар Түзелбекқызы 2011 жылы жол апатынан ажал құшты. Өнер адамдарының артында Нұрайша есімді қыздары мен Нұрсұлтан есімді ұлдары қалған.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от NRS DOSBOSYNOV NURSULTAN (@dosbosynov_n)