Түркістанда бір жасар бала даладағы дәретхана шұңқырына түсіп кетті
Түркістанда сырттағы дәретхана шұңқырына құлап кеткен бір жасар бала құтқарылды, бүлдіршінді қауіпсіз жерге шығару үшін құтқарушылар арнайы техниканың көмегіне жүгінген, деп хабарлайды buginmedia.kz өңірлік Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Түркістан қаласының құтқарушылары шұңқырға құлап кеткен бір жасар балаға көмек көрсетті.
"Құтқарушылар арнайы жабдықтар мен құралдардың көмегімен бір жасар баланы алып шығып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды", - делінген ТЖД хабарламасында.
Кадрлардан құтқарушылар баланы шұңқырдан шығару үшін бетон еденді бұзып жатқанын байқауға болады.
ТЖД мәліметінше, 1-МӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушысы а.қ сержанты Қуанышбек Руслан Бердалыұлы шұңқырға түсіп, баланы қауіпсіз жерге алып шыққан.