"Тілімнен таптым, 2-3 рет таяқ жедім": Жазира Байырбекова ел білмейтін құпиясын ашты
Танымал әнші Жазира Байырбекова отбасылық өмірінің алғашқы жылдары күйеуі Жанболаттан бірнеше рет таяқ жегенін ашық айтты, деп хабарлайды buginmedia.kz sportinside.kz-ке сілтеме жасап.
Әнші "Ұят емес" бағдарламасында үйдің кенжесі болып өскен еркелігі салдарынан тұрмысында қиын сәттер болғанын айтып, бір кезеңдері ер адамдардың әйеліне қол көтеруі жиілеп кеткенін еске алды.
"Өтірік айтпай-ақ қояйын, таяқ жедім. Бірақ, көп емес, 2-3 рет. Үйдің еркесі едім, бетімнен қақпай өсірді. Сол мінезіммен жолдасыма қарсы сөйлеймін деп тілімнен таптым. Ал қазір ол тілді қалай жайғастыруға болатынын біліп алдық", – деді Жазира Байырбекова.