Білім

Оқуға түспей қалған түлектерге 8 мыңға жуық қосымша грант беріледі

Ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижесі бойынша грантқа іліге алмаған түлектер үшін тағы 8 мыңға жуық грант үлестіріледі, деп хабарлайды buginmedia.kz 

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек осылай деді.

Тамыз айының аяғына дейін университеттерде құжаттарды қабылдау жұмыстары жүргізіледі. Жыл сайынғы орташа статистика бойынша 3 мыңға жуық бала осы уақытта тегін оқудан өз еркімен бас тартады. Босаған орындарға қосымша конкурс жарияланады. Оған қоса жекеменшік компаниялар мен оқу орындарының, әкімдіктердің гранттары үлестірілмек.

"Қазір 5 мыңнан астам мемлекеттік гранттан тыс гранттар беріліп жатыр. Әкімдіктердің гранттары 1700 астам. ЖОО гранттары 2200-ге жуық. Биыл «Қазақстан халқына қоры» 500 грант берді. «Казэнерджи» қауымдастығы  жүздеген грант беріп жатыр. Сондықтан еңселеріңіз түспесін", - деді министр.