Жолаушылар пойызының Ақтөбе учаскесіндегі бастығын пышақтап өлтіріп кетті
Жолаушылар пойызының Ақтөбе учаскесіндегі бастығын қаланың ескі бөлігінде өлтіріп кетті. Полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Оқиға Ақтөбе қаласындағы Кереев көшесінде болды. Марқұм сол күні демалыста жүрген.
"Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, жан-жақты және толық тергеу жүргізу мақсатында қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді", — деп хабарлады облыстық ПД ақпаратында.