Білім

Оқуға түскен азаматтар грант куәлігін қайдан алатыны белгілі болды

Грант куәлігі 3 жұмыс күні ішінде дайын болады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

"Грант куәлігін grant.testcenter.kz сайтынан ЖСН және ТЖК енгізу арқылы жүктеуге болады. Сіздің ТЖК грант конкурсына қатысуға ұсынылған ҰБТ сертификатында жазулы тұр. Мұқият болыңыздар", - делінген  Ұлттық тестілеу орталығы таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, бұған дейін 77 мыңнан астам түлек мемлекеттік грантқа ие болғанын хабарлаған болатынбыз.