Жаңалықтар

Суперкомпьютер ақырзаман болатын күнді анықтады

Өркениеттік заңдылықтарды болжауға арналған World One суперкомпьютері адамзаттың жойылу мерзімін анықтады, деп жазады buginmedia.kz The Daily Star-ға сілтеме жасап.

1970 жылдары Рим клубының тапсырысы бойынша жасалған машиналар өркениеттің күйреуі 2050 жылы болады деп есептеді. Ақырзаманның себебі  – адамдардың іс-әрекеті, оның ішінде қоршаған ортаның ластануы және оның жағымсыз салдары.

"Шамамен 2040 жылдан 2050 жылға дейін осы планетада біз білетін өркениетті өмір тоқтайды", – делінген болжамда.

Тіпті, экологиялық таза көліктерге толық көшу және тууды қатаң бақылау да жағдайды түзете алмайтын көрінеді.