Шоу-Бизнес

"Келесі аялдамаға жалғыз кетіп барамын": танымал әзілкеш жазбасымен жұртты алаңдатып қойды

Өзінен алты жас кіші жігітке түрмысқа шыққан танымал әзілкеш Мереке Қалбаева желіде жазба жариялап, оқырмандарын алаңдатып қойды, деп хабарлайды buginmedia.kz

«Кейде өмірде мүлдем қаламаған нәрселер болады. Бірақ амал жоқ, қабылдайсың, әрі қарай өмір сүресің. Келесі аялдамаға жалғыз кетіп барамын… Достар, әзірге не болғанын бүкпей айта алмаймын. Бірақ бір нәрсені мойындаймын – кінә өзімнен. Жылап жататын уақыт жоқ, алайда әйел баласы ретінде көз жасы арқылы жеңілдеп қалатынымыз бар. Мен тіпті шыңғырып жылаймын. Түрім өзгеріп кетті», – деп жазды ол.