6 тамызға ауа райы болжамы
Синоптиктер 6 тамызға ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.
kursiv.media жазуынша, Қазақстанның солтүстік, шығыс және батыс өңірлерінде жаңбыр жауады.
Елдің солтүстігінде кей жерлерде қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ал оңтүстік пен орталықта жауын-шашынсыз болады.
Ауа температурасы өңірлер бойынша:
Солтүстікте: +9…+26 °C
Орталықта: +11…+29 °C
Оңтүстікте: +16…+35 °C
Шығыста: +5…+25 °C
Батыста: +19…+35 °C
Астанада бұл күні күн бұлтты. Бірақ жауын-шашынсыз болады.
Температура +16…+24 °C шамасында.
Желдің жылдамдығы – 3–8 м/с, бағыты ауыспалы.