Грант күткендерге маңызды ақпарат: тізім қайда жарияланады белгілі болды
Ғылым және жоғары білім министрлігі 2025–2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім гранттары иегерлері туралы тізім жарияланатын ресми ресурстарды жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Министрліктің мәліметінше, конкурс нәтижелерін бірнеше ресми ресурс арқылы көруге болады.
Үміткерлер тізімін мына платформалардан көруге болады:
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми сайты: gov.kz
Telegram-арнасы: @gylym_jogary_bilim
Facebook: Gylym.jogarybilim
Instagram: @gylym_jogarybilim
Ұлттық тестілеу орталығының ресми парақшалары:
Telegram: @uto92
Instagram: @testcenterkz
Facebook: testcenterkz
Жоғары оқу орындарына қабылдау 25 тамызда аяқталады.
Биылғы жылы ең сұранысқа ие бағыттар:
«Педагогика ғылымдары»
«Машина жасау, өңдеу өнеркәсібі және құрылыс индустриясы»
«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар»