Нұрқанат Ғайыпбаевтың ісі тоқтатылды
Нұрқанат Ғайыпбаевтың ісі тоқтатылды, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Бұл туралы Шерзат Полаттың ісінде жәбірленушілердің мүддесін қорғаған адвокат Мейірман Шекеев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Нұрқанаттың ісі тоқтатылған. Алайда біз болашақта істі қайта жандандыру үшін өтінішхат түсіреміз», – деп жазды Шекеев.
Айта кетейік, 2024 жылдың желтоқсанында Нұрқанат Ғайыпбаев өлі табылды. Жергілікті полиция ол өзіне қол салған деген болжам айтты.
«Сот-медициналық сараптаманың алдын ала болжамы бойынша, 9 желтоқсанда Талғардың шетінде табылған 30 жастағы ер адамның өзіне қол салу салдарынан қайтыс болғанын көрсетті. Денесінде зорлық-зомбылық сипаттағы белгілер жоқ», – деп хабарлады полиция департаменті.
Бұған дейін 2024 жылдың 4 қазанында Алматы облысы Талғар қаласында «Қамажай» дүкені алдында жанжал болып, 16 жастағы жасөспірім Шерзат Полат көз жұмды. Қылмыстық іс бойынша 9 адам 1,5 жылдан 23 жылға дейін сотталды.