Әлеумет

«16 жерінен пышақтап, қоқысқа тастаған»: Шымкентте он күн бұрын жоғалған 26 жастағы әйел өлі табылды

Шымкентте 21 шілдеде үйінен шығып кетіп, із-түзсіз жоғалып кеткен 26 жастағы Диана Оңғарбаева өлі табылды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Бұл туралы заңгер Ләззат Рақышева айтты. Айтуынша, марқұм Telegram-арнадағы «үй жинаушы қажет» деген хабарландырудағы мекенжайға барған.

Туыстары таратқан ақпаратта қызды 17 жастағы жасөспірім пышақтап өлтіріп, денесін қоқысқа тастаған.

«Өкінішке орай біз іздеген Шымкент қаласының тұрғыны өлі табылды. 17 жасар жігіт 16 жерінен пышақтап өлтіріп, мусорға тыстап кеткен. 10 күн болыпты, телеграм каналына «жұмыс бар» деген, үй жинау керек деп салған екен, қыз сол хабарландырумен барған. Өте ауыр жағдай. Екі кішкентай қызы мен жолдасы қалды артында», - деп жазды заңгер.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ракишева Ляззат (@rakisheva_lyazzat)