Мәзір
30 шілде, 2025 / BuginMedia / Жаңалықтар

Павлодарда әйел екі баласын терезеден лақтырып, артынша өзі де секіріп кетті

Павлодарда биіктен құлаған әйел мен оның екі баласы ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Павлодарда әйел екі баласын терезеден лақтырып, артынша өзі де секіріп кетті Павлодарда әйел екі баласын терезеден лақтырып, артынша өзі де секіріп кетті
Фото: wishescards.ru

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлағандай, оқыс жағдай Павлодардағы Нұрмағамбетов көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде болды. Жедел жәрдемді көшеден өтіп бара жатқан адам шақырған.

"Шақыру сағат 13.00-де түсті. Нұрмағамбетов көшесіндегі үйлердің бірінде әйел бесінші қабаттың терезесінен екі баланы лақтырып тастап, артынан өзі секіріп кетті. Оқиға орнына үш жедел жәрдем бригадасы жіберілді. Бригадалар 6 минутта жетті", - дейді ведомство.

Екі бала ауыр жағдайда облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Әйелдің де жағдайы ауыр, ол № 1 Павлодар қалалық ауруханасына жатқызылды.

Апта талқысында: