Жаңалықтар

Жамбыл облысында атыс болып, 4 адам оқ жарақатымен ауруханаға түсті

Жамбыл облысында атыс болып, 4 адам оқ жарақатымен ауруханаға түсті,  деп хабарлайды buginmedia.kz.

Күдіктілер іздестіріліп жатыр.

Полицияның хабарлауынша, оқиға 29 шілде сағат 21:30 шамасында Мойынқұм ауылында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер травматикалық қарудан жараланған.

Денсаулық сақтау басқармасы 26 және 28 жастағы екі науқастың жағдайы ауыр, ал екеуі тұрақты екенін мәлімдеді.