"31 желтоқсан демалыс күні бола ма": Еңбек министрлігі жауап берді
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметов 31 желтоқсанды демалыс күні деп жариялау туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды buginmedia.kz.
«Менің білуімше, қазір бұл мәселе қаралып жатқан жоқ. 31 желтоқсан мереке күндеріне қатысты заңда көрсетілмеген, яғни жұмыс күні қатарында тұр», – деді Биахметов.
Сонымен қатар, вице-министр кейбір кәсіпорындар 31 желтоқсанды толық демалыс немесе жартылай демалыс күн ретінде жариялай алатынын айтты. Ресми түрде ел бойынша 31 желтоқсанды демалыс деп бекіту жоспарланбаған.