"Алматы-Бішкек" тасжолында 6 адам қаза тапты
"Алматы-Бішкек" тасжолында болған жол апаты салдарынан 6 адам қаза тапты, деп хабарлайды buginmedia.kz.
25 шілде күні сағат 10:45-те «Алматы – Бішкек» тас жолында, Сарыбастау ауылының маңында (Жамбыл ауданы) жол жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан «ҚазАвтоЖол» тракторымен Toyota Alphard көлігі соқтығысқан.
Көлікте алты адам болған. Жол апаты салдарынан жеңіл көліктің барлық 5 жолаушысы мен бір жұмысшы қаза тапты.
Toyota жүргізушісі түрлі жарақатпен аудандық ауруханаға жеткізілді.