Жаңалықтар

Шетелдік компаниялардан криптовалюта түрінде төлем талап еткен хакер ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті шетелдік компаниялардан криптовалюта түрінде төлем талап еткен хакерді ұстады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Осы жылдың шілде айында Алматы қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бас прокуратураның үйлестіруімен шетелдік әріптестерімен бірлесіп, қазақстандық азаматты киберқылмыс жасады деген күдікпен ұстады.

"Тергеу материалдары бойынша, ол шетелдік компаниялардың серверлеріне заңсыз кіріп, компьютерлік деректерді шифрлайтын зиянды бағдарламалар орнатқан. Деректерді қалпына келтіру үшін криптовалюта түрінде төлем талап еткен", - делінген ақпаратта.

Тінту барысында кибершабуылдарды жасау үшін пайдаланылған заттай айғақтар тәркіленді.

 Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жария етуге жатпайды.