Жаңалықтар

Доллардың бүгінгі бағамы қандай?

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар бүгін 483 – 488 теңге аралығында сатылып жатыр, деп хабарлайды buginmedia.kz

Ұлттық банктің 24 қазанға арналған ресми бағамы – 1 долларға 486,65 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,05 теңге. Еуро – 524,46.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 483,7 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 486,3 теңге. Еуро 522 – 525 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 483 теңге, сатып алу құны – 488 теңге. Еуро 522 теңгеден сатылып, 528 теңгеден сатып алынады. Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,97 – 5,08 аралығында саудаланып жатыр.