Жаңалықтар

Перизат Қайратқа сот үкімі бүгін шығады

Ерікті Перизат Қайрат пен анасы Ғайни Алашбаеваға сот үкімі 2025 жылдың 25 шілдесінде шығады,  деп хабарлайды buginmedia.kz.

Астана сотының хабарлауынша, үкім сағат 15:00-де оқылады.

Айта кетейік, бұған дейін жарыссөз барысында айыптау тарапы айыпталушы Перизат Қайратқа мүлкін тәркілей отырып, 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады.

Оның анасы Ғайни Алашбаева үшін прокурорлар 8 жыл бас бостандығынан айыруды ұсынды.

"Перизат Қайратты кінәлі деп танып, оған 10 жыл бас бостандығынан айыру, мүлкін тәркілеу, сондай-ақ 10 жыл мерзімге қайырымдылық үшін қаражат жинаумен айналысуға тыйым салу жазасын тағайындауды сұраймыз", – деді прокурор.