Тамыз айында қазақстандықтар қанша күн демалады?
Тамыз айында Қазақстанда бір ғана ресми мереке бар. Ол 30 тамыз Конституция күні, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Биыл бұл күн сенбіге сәйкес келіп отырғандықтан, демалыс келесі жұмыс күніне ауыстырылады. Осылайша, 30 тамыз сенбіге түскендіктен, 1 қыркүйек, дүйсенбі күні демалыс болады.
Нәтижесінде қазақстандықтар 30, 31 тамыз және 1 қыркүйек күндері, яғни үш күн қатарынан демалады.
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев бүгін демалысқа байланысты 2025–2026 жаңа оқу жылының 2 қыркүйекте басталатынын мәлімдеді.