Ninety One тобының мүшесі АCE сүйіктісін көрсетті
Ninety One тобының мүшесі, АCE (Эйс) лақап атымен танымал Азамат Ашмақын алғаш рет өзінің сүйіктісін көпшілікке көрсетті, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Ол сүйіктісімен бірге түскен видеоны жариялады.
"Оны алғаш көрген сәт әлі есімде. Дәл сол күні менің өмірім өзгерді. Менің өміріме тыныштық пен жарық алып келді. Баршаңызға осындай ерекше сезімді бастан кешіруді тілеймін. Жарық, махаббатқа толы өмір кешіңіздер. Бақытты болыңыздар. Баршаңызға бақыт тілеп келдім, енді кезек маған келген сияқты", – деп жазды әнші.
Қыздың есімі — Нұрила Шакирова. Instagram парақшасында продюсер деп көрсетілген. Желі қолданушылары жас жұпқа бақыт тілеп, ақ тілектерін жаудырды.