"Ата-енесін сыйлайды": Қайрат Нұртастың әкесі келініне су жаңа көлік сыйлады
Әнші Қайрат Нұртастың әкесі, продюсер Нұртас Айдарбеков ортаншы келіні Әйгерім Сәркеноваға су жаңа көлік сыйға тартты, деп хабарлайды buginmedia.kz.
"Баяғыда әкем мен анам айтушы еді: “Балам, ата сыйласаң алдыңа келеді” деп. Сол айтқандай ата мен ене сыйлап жүрген келініме шамамның келгенінше осы бір көлікті сыйға тарттым. Құтты болсын деп қойсаңыздар марқайып қалар еді, ағайын", – деп жазды ол.