Қарағандыда кәріз құдығына түскен 2 жұмысшы көз жұмды
Қарағандыда кәріз құдығына түскен 2 жұмысшы көз жұмды, деп хабарлайды buginmedia.kz.
«Қарағанды Су» кәсіпорнының мәліметінше, олар 29 және 46 жаста болған.
Облыстық полиция департаменті 2 ер адамның өлімі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Еңбек инспекциясы тексеріс бастады.
Алдын ала мәлімет бойынша олар кәріздегі газдан уланған.