Мәдениет

Белгілі жазушы-журналист Мұхтар Түменбай қайтыс болды

Белгілі журналист, жазушы Мұхтар Түменбай 55 жасқа қараған шағында өмірден өтті, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Қайғылы хабарды марқұмның әріптесі Серікқали Мұқашев жеткізді.

"Асылдың сынығы еді. Тұлпардың тұяғы еді. Арамызда аңқылдап жүрген адал досымыз, әділетсіздік атаулыға қаны қас жаужүрек бауырымыз - белгілі журналист Мұхтар Түменбай досымыздан қапыда айырылып қалдық… Бақұл бол, бауырым…", - деп жазды ол.

Ол 1970 жылы 11 тамызда дүниеге келген.

Еңбек жолында бірқатар басылымдар мен республикалық телеарналарда жұмыс істеді. 1992 жылы «Таңшолпан» бағдарламасының алғашқы журналистерінің бірі болса, 2010-2012 жылдары бағдарламаға жетекшілік етті. «Qazaqstan» телеарнасының көрермендеріне «Апта» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасының жүргізушісі ретінде де кеңінен танымал. Арна эфирінен шыққан соғыс қаһармандарына арналған «Мәншүк. Әкеге араша түскен қыз», «Төрт қайсар», «Әлия. Ерлік алгоритмі», «Аспанды бағындырған Хиуаз» деректі фильмдерінің авторы.