Жаңалықтар

БҚО-да блогер әкімнен ақша бопсалаған

Батыс Қазақстан облысында блогер Айболат Бөкенов ұсталды, деп хабарлайды buginmedia.kz «Уральская неделя» басылымына сілтеме жасап.

Басылымның хабарлауынша, оны облыстық ҰҚК департаменті ұстаған.

«Бөкенов Жаңғалы ауданындағы ауыл әкімін ар-намыс пен қадір-қасиетін қорлайтын ақпараттарды таратамын деп қорқытып, одан 500 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін ақша талап еткен. 16 шілдеде 300 мың теңге алған сәтінде ұсталды», – делінген ақпаратта.

Блогер кінәсін мойындаған. Қазір оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.