Жаңалықтар

Сәкен Мамашқа сот үкімі шықты

Экс-дипломат Сәкен Мамаш алты жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Еске сала кетейік, биыл 4 сәуірде Сәкен Мамаш бұрынғы жұбайын ұрып-соқты деген күдікпен қамауға алынған. Оған дейін экс-дипломаттың бұрынғы әйелі Карина Мамаш видео арқылы 10 жыл бойы күйеуінен зорлық көргенін мәлімдеген болатын. Осыған байланысты дипломат елшілік қызметінен шұғыл шақырылып, іс қозғалған еді. Ерлі-зайыптылар былтыр күзде ресми түрде ажырасқан.

Бұған дейін экс-дипломат Сәкен Мамашаның ісі бойынша сот отырысы жартылай жабық режимде өтетінін жазған болатынбыз.

Журналистер отырыстың басында – процессуалдық мәселелер қаралатын сәтке дейін қатыса алады. Алайда істің егжей-тегжейі баспасөзсіз қаралады. Үкім ашық түрде жарияланады.