Жаңалықтар

Перизат Қайрат сотында Димаш Құдайбергеннің есімі аталды

Biz Birgemiz Qazaqstan 2030 қайырымдылық қорының жетекшісі Перизат Қайрат сотында Димаш Құдайбергеннің де аты аталды, деп хабарлайды buginmedia.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Айыпталушы әншіні балаларға арналған фестивальге шақырғысы келген.

"Скиф Трейд" ЖШС-нің өкілі Максим Абдуразаковтың куә болу жайтына сүйенсек, айыпталушы оны ерекше қажеттігі бар балаларды қолдауға арналған фестивальге шақырып, қаржылай көмек көрсетуді ұсынған. Әңгіме 10 миллион теңге жайында болған және іс-шараның хедлайнері ретінде Димаш Құдайберген болатыны хабарланған, – деп оқыды прокурор Арман Кезекен.

Бұған дейін Перизат Қайрат ісінде танымал украиналық әншінің аты аталған еді. 

Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, Иван Дорнға Астанада болмаған концерт үшін 9 мың еуро (шамамен 5,5 миллион теңге) төлеген.

"Тінту кезінде болмаған фестивальдерге дайындық құжаттары тәркіленді. Мысалы Иван Дорнның өнер көрсетуі үшін 9 мың еуро көлемінде төленген шот-фактура бар. Бұл "Астана" гольф-клубындағы фестивальде болуы керек еді", – деді прокурор Мадина Оразалина.

Әртістің ақысы төленген, бірақ ол өнер көрсетпеген болып шықты.